Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

⁩ «Жүлде алмақ түгіл жолдама алу қиын. Ғайбаттауды тоқтатайық!» - Мәжіліс депутаты спортшыларды сынағандарға үн қаттты

13:57, 28 шілде 2024

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин спортшыларымызды әркез қолдауға шақырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы депутат өз facebook әлеуметтік желісінде жариялады.

Ол өз жазбасында күрестен алтын жүлдеге ие болған Елдос Сметовтың Қазақстан тарихындағы алғашқы жеңісі екенін тілге тиек етті.

“ Парижде XXXIII-ші Олимпиада өтіп жатыр. Қазақстаннан 80 спортшы қатысуда. Бұл Олимпиаданың бірінші медалін Қазақстан спортшылары еншіледі – олар Ислам Сәтпаев пен Александра Ле. Қазақстанның тарихында дзюдодан алғашқы алтын медальді Елдос Сметов мойнына тақты. Абиба қызымыз жарақатына қарамай елдің абыройы үшін, намысқа салып жанды ортаға салды. Дзюдошы қызымыздың болашағы алда деп ойлаймын, әлі талай спорттың биігіне шығары даусыз.

Қазақстан спортшыларын алда талай тартыстар мен арпалыстар күтіп тұр! Олимпиадада жүлде алмақ түгіл, оған жолдама алудың өзі қиынның қиыны, ауырдың ауыры. Өткен төрт жылда қаншама тер төгілді, қаншама еңбек етілді! Олимпиадаға қатысудың өзі үлкен жеңіс. Ал, одан жүлде алу – жеңістің жеңісі! Спорт болғасын сүрініп «қап» дейтін де, жеңіп «бақ» дейтін де жерлер болады. «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайды» демей ме қазақ!

Құрметті ағайын!

Сондықтан спортышларымыз қандай орын алса да, қандай көрсеткіш көрсетсе де бірауыздан қолдайық! Критика мен келемеждеуді, айыптаулар мен ғайбаттауды тоқтатып, бәріміз бір тілекпен, бір ниетпен қолдау көресетейік. Мұндай кезде тек физикалық дайындықтан басқа, олардың психологиялық жағдайы да өте маңызды.

Олипиадашыларымызға халықтың тақымын қысып, қолдап отыруы жігер береді, намыстарын оятады, рухани күш береді! Осындай Олимпиада сияқты додаларда азаматтың азаматтығы, халықтың бірлігі, елдің елдігі көрінеді. Ауызы бір, мәдениеті жоғары ел болайық!
Олимпиадада жүлделеріміз көп болғай!”,- деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар