Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Зорлық-зомбылықтың құрбаны»: Алматыда ер адам бұрынғы әйелінен таяқ жегенін айтып шағымданды (ВИДЕО)

16:51, 30 қазан 2026

Алматыда бұрынғы жұбайы тарапынан соққыға жығылып, жүйелі түрде қысым көріп келгенін айтқан ер адам құқық қорғау органдарына арызданды, деп хабарлайды Alash.kz.

Шаңырақ көтергендеріне 10 жыл толғанда ажырасқан ерлі-зайыптылар осы уақытқа дейін үш бөлмелі бір пәтерді бірге паналап келеді. Ортақ баспанадан қуып шығу мақсатында экс-жұбайы әдейі озбырлық жасап жүр деп есептейтін азаматтың мүддесін қорғаушы Тілеужан Кішкенебаев жағдайды былайша баяндап берді:

Әйел бұрынғы күйеуіне қол көтеріп, бетін тырнап, дене жарақатын салған. Ер адам оқиғаның бәрін бейнежазбаға түсіріп алып, полицияға арызданған. Алайда шағымдар бойынша тиісті шара қабылданбай, тіркелген істердің өзі кейін қайта жабылып қалған. Бұл істердің кейбірі тіпті менің қатысуыммен тоқтатылды, — деп хабарлады адвокат.

Тұрмыстық жанжал кезінде жәбірленушінің өзі де жауапкершіліктен тыс қалмады. Бұрынғы әйелі оның өзіне абайсыз сөйлеп, былапыт сөздер айтқанын көрсетіп шағым түсіргендіктен, сот шешімімен ол «ұсақ бұзақылық» айыбы бойынша 10 тәулікке қамауға алынған.

Әйелдер құтырып ақырзаман келгені ме?! Бір шаңырақтың астында тұрып, өз күйеуіне қол көтеру деген не сұмдық?!

Көмегіме жүгінген азаматтың айтуынша, ол 10 жылдан бері некеде болған әйелінен күн сайын қысым көріп келеді. Айтуынша, әйелі әдейі жанжал шығарып, күйеуін ұрып, арандатып, дау-дамай кезінде полиция шақырып, “күйеуімнен жәбір көріп жатырмын” деп шағымданады екен. Күн сайын! Бұған жәбірленуші азаматтың дәлелі ретінде видеолары бар. Құрғақ сөздер немесе әйеліне жала жабу емес!

Сонда бұл әрекеттің мақсаты не? Отбасындағы жанжалдың артында қандай себеп жатыр? Ер адам да зорлық-зомбылықтың құрбаны болуға тиіс па? Естігенде күлкілі шығар, бірақ ер адам әйеліне таяқпен жауап қайтаратын болса соттайсыздар. Еркек кінәлі, еркек жауыз тиран болып шыға келеді.

Қазіргі таңда Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасап, ұрып-соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын растады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар