Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зорлықты полицияның көзінше жасады: Шымкенттің экс әкімі Әйтеновтың ағасы әйелін үш баласымен қуып шықты (ВИДЕО)

10:00, 13 шілде 2024 710

Желіде күйеуінен қорлық көрдім деген Дана Әтешованың үш баласымен үйінен қалай қуып шығарып жатқаны көрсетілген видеосы жарияланды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Желідегі видео кадрларынан мұрындары қанаған балаларды көтеріп үйден шығарып жүрген бір топ ер адам көрсетілген. 

Дана Әтешованың айтуынша олар қызметтегі адамдар және күйеуінің жақтастары. 

“Құрметті президент Қасым-Жомарт Тоқаев маған және менің балаларыма көмектесіңіз! Бұл үндеуім тек президентке емес әр адамға арналады. Соңғы төрт жылда біздің өміріміз тозаққа айналды. 2020 жылы менің қатысуымсыз рұқсатымсыз жасырын түрде Марат Әйтенов менімен ажырасады. Сол кезде менің орныма ажырасуға келісім берген Мұраш Шериев 2024 жылы үйге келіп бізді күштеп шығаруға көмектесті”, – деді әйел. 

Дананаға бұрынғы күйеуі үйдің қазіргі иесі Мусалимов Арсен есімді азамат екенін айтқан. 

“Әйтенов бұл үйді оған сыйлапты. Оған осы кезге дейін көмектесіп, көңіл-күйі жоқта шетелге жіберіпті. Тіпті үйді өз балаларына емес осы кісіге берген. Бұл да бір топ ер адамның қатарында бізді үйден сүйреп шығаруға қатысты.

Менің таңғалатыным егер бұл Әйтеновтың үйі болмаса онда неге бір топ бандамен келіп, басын қатырды”, – деп қосты ол. 

Әйелдің айтуынша сол күні бұрынғы күйеуінің бір топ жақтастарынан бөлек үйдің жанында  амондардың автобусы тұрған. Алайда балалар мен өзіне күш көрсетіп жатқанда ешкім келіп араша түспеген. 

“Сол күні амондардың автобусы тұрды. Әйелді жерге сүйреп жатқанда бұл амондар қайда қарап тұрды. Әлде олар бізге күш көрсетіп жатқан бір топ азаматты қорғауға келді ме? Маған күш көрсету арқылы ол балаларға да әсер етеді. Мен тек әділеттілікті талап етемін. Қатты шаршадым. Ең болмағанда cіздер көмектессіңіздер! Ақшамен емес, әділдікті орнатуға көмектесіңіздер”, – деді ол. 

Әйел бұрынғы күйеуін ата-ана құқығынан айырғысы келетінін мәлімдеді. 

“Ең өкініштісі ол зорлық әрекетін полицейлердің алдында көрсетті. Зорлық-зомбылықта бізді ешкімнің қорғамайтынына көзім жетті”, – деп жазды әйел желіде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар