Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Зорлап, денесін өртемек болған»: Ақсуда қатыгездікпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды

18:00, 22 сәуір 2026

Әлеуметтік желілерде Павлодар облысы Ақсу қаласында қатыгездікпен өлтірілген әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама тарады, деп жазады Alash.kz.

Politico.kz мәлімдеуінше, тараған ақпаратта мәйіт Ақсу қаласы бағытындағы ферроқорытпа зауытынан үш шақырым жерден табылғаны жазылған. Жазба авторлары марқұм зорланған болуы мүмкін екенін және оның денесін өртеуге әрекет жасалғанын айтқан.

Полиция видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Ақсуда әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар