Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Зорланбаған»: 12 жастағы қызға тиіскен 5 жігіттің туысы сот үкіміне қарсы шығып, шу көтерді (ВИДЕО)

13:38, 06 маусым 2024 893

12 жастағы қызды зорлаған 5 жігітке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Сот мәліметінше, 2023 жылдың 23 мамырында сотталушылардың бірінің «Лада» автокөлігін заңсыз иемденгенін анықтады.

Бір аптадан кейін ол Hyundai автокөлігінің есігін бұзып, көліктің ішіндегі ақшаны ұрлап, иесіне 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

10 маусымда тағы 2 айыпталушы Фольксваген көлігіне кіріп, көлік ішінен ұялы телефонды ұрлап кеткен. Келесі күні айыпталушы топ – 16-17 жас аралығындағы 4 жасөспірім мен 20 жастағы жігіт кәмелетке толмаған қызды зорлаған.

Сотталушылардың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау, беттестіру хаттамалары, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде кәмелетке толмағандардан жауап алу хаттамаларымен дәлелденді, – деп хабарлады сот.

Сотталушылар өз кінәларын мойындамады. Сонда да сот басты айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ал екеуі 7, 6 жыл жаза алды. Тағы екеуі 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Прокурор күдіктілердің кінәсін дәлелдегенмен, жәбірленуші деп танылған 12 жастағы қыздың анасы оларды ақтауды сұраған. Ол қызының өтірік айтқанын, зорланбағанын алға тартып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар