Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зорлаған адамның отбасы бар: Ақтауда қорлықтан қаза тапқан бойжеткен туралы сұмдық ақпарат шықты

09:00, 09 қаңтар 2025 2306

Ақтауда көз жұмған Алина есімді қыздың өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Alash.kz  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Былтыр мамырда қыз өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы жағдайға дейін бірнеше күн бұрын ол ауыр қылмыстың құрбаны болған.

Мефедронның әсерімен бейтаныс ер адамдар оған шабуыл жасап, ұрлап әкетіп, соққыға жыққан, кейін зорлап, екі миллион теңгеге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.

Алинаның әпкесі басылымға эксклюзив сұхбат беріп, оқиғаның мән-жайын және сот шешімі неліктен әділетсіз болғанын айтты.

Алина спортшы болған, фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істеген. Ол өз жұмысын жақсы көріп, спорттық шаралар мен марафондарға жиі қатысқан.

"14 мая она возвращалась домой одна после работы. В это время пятеро незнакомых ей мужчин увидели ее, напали и силой затолкали в машину. Во время допроса преступники уверяли, что якобы не знали, что это девушка. По их словам, они думали, что это парень", – рассказала сестра погибшей.

"14 мамырда ол жұмыстан кейін үйге жалғыз қайтып келе жатқан. Сол уақытта бейтаныс бес ер адам оны байқап, шабуыл жасап, күшпен көлікке отырғызған. Тергеу кезінде қылмыскерлер оның қыз екенін білмегенін, жігіт деп ойлағандарын айтып ақталған, – деді марқұмның әпкесі.

Қызды түн бойы азаптап, қорқытқан, зорлық-зомбылық көрсеткен, жанармай бекетінде күшпен ұстап отырған. Қылмыскерлердің барлығы мефедронның әсерінде болған. Кейін олар Алинаны да есірткі қабылдауға мәжбүрлеп, зорлаған.

Зорлаушы – 1991 жылы туған, үйленген, бала тәрбиелеп отырған ер адам. Тергеу кезінде күдікті алғаш рет мефедрон қолданып көргенін айтып, ештеңе есінде жоқ екенін алға тартқан. Ол кінәсін мойындамаған. Қалған төртеуі қылмыстың барлық егжей-тегжейін айтып берген.

Таң атқан соң қылмыскерлер қызды өзінің телефонынан екі миллион теңгеге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Кейін бұл ақшаны базардағы таныстары арқылы шешіп алған.

Қызды қалаға түсіріп, егер біреуге айтса, өлтіретінін айтып қорқытқан.

– Өзіне қол жұмсамай тұрып, Алина бәрін құрбысына айтып берген. Құрбысы оны ағасына айтуға көндірді. Алина қылмыскерлерді жазалау үшін соңына дейін баратынын айтты. Ағасы бұл туралы анасымен бөлісуін сұраған, бірақ Алина ұялғанынан бетпе-бет айта алмаған, – деп бөлісті марқұмның әпкесі.

Бұл сұмдықты жеңе алмаған қыз құрбысының көз алдында терезеден секіріп кеткен.

– Бізге онсыз қиын, бірақ тырысып жүрміз. Алина өз жұмысын жақсы көретін, саяхаттауды армандайтын. Бос уақытында кітап оқып, фильмдер көретін. Оның марафондардан алған медальдері көп, – деді әпкесі.

Іс сотқа жеткен, бірақ марқұмның туыстары қылмыскерлерге қатаң жаза тағайындауды талап етуде.

– Біз басты қылмыскерге өмір бойы бас бостандығынан айыруды, қалған төртеуіне – 15-20 жыл сұраймыз, – деді Алинаның әпкесі.

Сот жабық режимде өтті. Туыстарының айтуынша, сот процесінде судья айыптауды қайта қараған, себебі қыз өз-өзіне қол жұмсаған. Қайтыс болған қыздың туыстары апелляцияға берген. Олардың айтуынша, төрт қылмыскер бірнеше жылдан кейін мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін.

Оларды ашуландырған тағы бір мәселе – қылмыскерлердің интернетке кіру мүмкіндігі бар екені. Алинаның әпкесінің айтуынша, олар әлеуметтік желілерде белсенді және өз беттерін жүргізіп отыр.

Сонымен қатар "Лада" басылымының мәліметінше, Маңғыстау облысының прокуратурасы қыздың суицидіне қатысты сот үкіміне апелляциялық өтініш енгізген. Ведомство кінәлілерге жазаны қатаңдатуды талап етуде.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың желтоқсанында Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты марқұмға қатысты жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша негізгі фигурантқа 20 жыл, ал оның төрт сыбайласына – 7 жылдан 8,5 жылға дейінгі жаза тағайындаған.

Прокурор басты фигурантқа өмір бойы бас бостандығынан айыру, ал басқа қатысушыларға – 15-16 жыл сұраған еді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар