Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ЖОЛЫНА ҚАРАП ӘКІМІН ТАНЫ

10:03, 13 шілде 2022 287
Әкімдердің рейтингі жол сапасына қарап бағаланады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шенеуніктердің жұмысын бағалаудың арнайы нұсқаулығын дайындап жатыр. Бұл құжат жыл соңына дайын әзірленеді.

Осы арқылы енді  ауыл, аудандардағы тас жолдардың сапасы міндетті түрде зерттеуден өткізіледі. Себебі Президент тапсырмасымен аталмыш ведомства еліміздегі барлық жолдардың сапасын «Жол активтері» Ұлттық сапа орталығы арқылы тексеруді міндеттейтін заң жобасын дайындады.

Аталған құжат қабылданса, «Жол активтерінің» ҰСО төселген тас жолдың сапасы, техникалық қадағалау мен жобалаушы компаниялардың жұмысын жіті қадағалап отырады.  Осыдан үш жыл бұрын құрылған «Жол активтерінің» Ұлттық сапа орталығы қазірдің өзінде республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен Алматы облыстық филиалының мамандары жыл басынан бері  84 мәрте тексеріске шығып, төселген тас жолдардағы құрылыс материалдарынан 106 сынама алған. Соның 33-і талапқа сай емес болып шықты. Биыл облыс аумағында 455 шақырым жол жөнделеді. Оған бюджеттен 35,5 миллиард теңге бөлінген.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар