Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жолдауда инновацияны дамытуда ғылымға қолдау қажет дегені көңілден шықты - пікір

05:36, 15 қыркүйек 2022 171
 

Президенттің халыққа Жолдауына қатысты  әр саланың мамандары өз ойларын ортаға салып, үн қосуда. ҚР ҰҒА академигі Әбдірәсіл Жәрменов те маңызды құжатта айтылған, Жолдауда өз көңілінен шыққан кей тұстарға тоқталып өтті.
«Ғылымда егер инновацияны дамытуға мекемелер қаржы бөліп жатса, оны салықтан босату керек деген бұрыннан ойымызда жүрген болатын. Соны Жолдауда біздің Президентіміз ашып айтты. Содан кейін маған тағы бір ұнаған жерлері  - құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысын қалыпқа келтіру, соттардың бір-біріне бағыныштылығын азайту. Бізге де өте өзекті мәселе. Себебі біз көп жағдайда соттасуға мәжбүрміз. Енді сол сұрақтарды қиындықсыз шешуге болатын сияқты. Мынау Үкімет  пен министрліктер арасындағы немесе министрлік пен мекеменің арасындағы түсініспеушілік болса, оны сотқа бермеу, сол Үкіметтің, министрліктің деңгейінде шешу керектігі де біздің жұмысымызға оң әсер етеді деп ойлаймын», - дейді ҚР ҰҒА академигі Әбдірәсіл Жәрменов.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар