Жапониядағы танымал басылымдардың бірі университет студенті Вакана Сонобенің басынан өткен таңғаларлық жағдайды жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
21 жастағы бойжеткен өзімен екі жылға жуық уақыт бойы байланыста болған 48 жастағы азаматтың биологиялық әкесі екенін кездейсоқ анықтаған. Бұл ақпарат тек екеуінің туыстық қатынасы белгілі болып, бойжеткеннің анасымен кездескен сәтте ғана ортаға шыққан.
Мәліметтерге сүйенсек, Вакана Сонобе жоғары оқу орнына түскен соң өзінен едәуір үлкен, ауқатты ер адаммен танысқан. Олардың арасындағы байланыс Жапонияда кең тараған «папакацу» (жас қыздардың ересек ер адамдардан қаржылай қолдау алуы) форматында басталған. Алайда бұл таныстықтың соңы күтпеген жағдайға ұласып, бойжеткен аяғы ауыр екенін біледі. Екі тарап та арадағы қандас туыстық байланыс туралы ешқандай күдік келтірмеген.
Шындықтың беті Вакана серігін анасымен таныстыруға бел буғанда ашылды. Анасы қызының таңдаған адамын бірден таныған, себебі ол Вакананың 17 жасында жүкті қылған биологиялық әкесі болып шықты. Белгілі болғандай, ер адам қыздың балалық шағында тек ақшалай көмек көрсеткенімен, отбасымен араласпаған және қызының есейгенде қандай болатынын білмеген.
Сұмдық жайт анықталғаннан кейін Вакана Сонобе жүктілікті жасанды жолмен үзуге шешім қабылдады. Бойжеткеннің айтуынша, шындық ашылған сәтте оның серігіне деген сезімі мен көзқарасы түбегейлі өзгерген. Қазіргі таңда ол университетті тәмамдауға күш салып, өткен өмірімен байланысын толық үзіп, жаңа парақтан бастауды жоспарлап отыр.