Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Иран билігін тұйыққа тіреген шешім: Трамптың жаңа санкциялары нені өзгертеді?

17:57, 29 сәуір 2026

АҚШ билігі Иран режимінің халықаралық қаржы жүйесіндегі жасырын әрекеттеріне тосқауыл қою мақсатында жаңа санкциялар пакетін жариялады, деп жазады Alash.kz.

«Economic Fury» («Экономикалық қаһар») деп аталатын арнайы бастама аясында Тегеранның заңсыз табыс көздері мен қаржылық желілері нысанаға алынды. Бұл шаралар Иранның экономикалық қуатын әлсіретіп, әскери мақсаттарға жұмсалатын миллиардтаған долларлық қаражат тасқынын тоқтатуды көздейді.

АҚШ Қаржы министрлігінің санкциялық тізіміне 35 заңды және жеке тұлға қосылды. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, бұл тұлғалар мен ұйымдар Иранның саяси элитасы мен қарулы күштеріне, соның ішінде Революциялық гвардияға қызмет етіп, халықаралық нарықтағы мұнай саудасы мен қару-жарақ сатып алу істерін жасырын түрде қаржыландырып отырған. Олар құрған күрделі желі арқылы миллиардтаған доллар әлемдік қаржы нарығында емін-еркін айналымда болған.

Қаржы министрі Скотт Бессент бұл қадамның стратегиялық маңызына тоқталып, Вашингтонның басты ниеті Иран режимін негізгі қаржылық ресурстарынан айыру екенін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, көлеңкелі құрылымдардың жолын кесу - аймақтық қауіпсіздікті нығайту мен санкциялардан жалтару тетіктерін жоюдың төте жолы.

Сонымен қатар АҚШ әлемдік деңгейдегі екінші деңгейлі банктер мен қаржы институттарына қатаң ескерту жасады. Егер халықаралық ұйымдар санкциялық тізімге ілінген құрылымдармен қандай да бір іскерлік байланыс орнатса, олардың өздері де Вашингтонның қатаң экономикалық соққысына жығылуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар