Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өте сирек кездесетін қадам…»: Димаш Құдайбергеннің аргентиналық жанкүйерлері қуанышты жаңалықты жария етті (ВИДЕО)

14:56, 29 сәуір 2026

Оңтүстік Америка төрінде қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің құрметіне арнайы шығармашылық сынып ашылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Аргентинадағы Мар-дель-Плата қаласында орналасқан генерал Хосе де Сан-Мартин атындағы №5 бастауыш мектебінің әкімшілігі осындай шешім қабылдады. 

Жобаның негізгі мақсаты — музыкалық аспаптар мен құрал-жабдықтарға зәру білім беру мекемелеріне қолдау көрсету. Димаштың Аргентинадағы жанкүйерлері мен «La Era Dimash» командасы бірлесе отырып, мектептің музыка кабинетін заманауи деңгейде жабдықтауға атсалысты. Осы еңбектің нәтижесінде мектеп басшылығы жаңадан жаңғыртылған кабинетке қазақ әншісінің есімін беруді ұйғарды.

Айта кететін жайт, Аргентинаның заңнамалық және дәстүрлі ерекшеліктеріне сәйкес, білім беру нысандарына тұлғалардың есімін көзі тірісінде беру өте сирек кездесетін қадам.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар