Атырау облысы Жангелдин ауданында орын алған отбасы трагедиясына қатысты жаңа деректер шықты, деп жазады Alash.kz.
КТК арнасының тілшісі Жанат Молдашева қайғылы оқиға болған үйдің табалдырығынан табылған екінші кілт туралы Атырау облыстық прокурорынының көмекшісі Жандар Болатбектен пікір алды.
Жалпы, тек қана кілт мәселесі ғана бойынша емес, басқа да тұлғалардың қатыстылығы бар-жоғы туралы сұрақтар келіп түсті. Бұл тұрғыда Сәрсемалиевтен өзге тұлғалардың қатыстылығы анықталған жоқ. Факті бойынша тексеру тапсырмасын бердік. Қазіргі таңда екінші кілттің қайдан анықталғандығы жөнінде толық тексеріліп, құқықтық баға берілетін болады.