Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жамбылда депутаттар алғаш рет Мәслихат төрағасына қарсы шықты

05:17, 05 сәуір 2022 345
 


Жамбыл облысы мәслихаты ХII шақырылым депутаттарының арасындау дау шықты.
«Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесі» құрамын бекіту мәселесін талқылау кезінде қоғамдық кеңесті қалыптастыру жұмысшы топ басшысы, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты Ерқанат Манжуов баяндама жасады. Ол ұсынылған 15 адамға толықтай дауыс беруге шақырды. Бірақ Жамбыл облысы мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбеков әрбір үміткерге жеке-жеке дауыс беруге ұсыныс тастап, көпшілік оны бірден қолдап кетті. Осы жәйтқа Жамбыл облыстық депутаттары Е.Манжуов (комиссия төрағасы, Аманат партиясы), Е.Саурықов (комиссия мүшесі, “Ауыл” партиясы), Б.Тлебаев (Ақжол партиясы), С.Рысбаева (Ауыл партиясы),  Ш.Егембердиев (Ақжол партиясы), Т.Жолтаев (Ауыл партиясы) шамданып, орындарынан тұрып, залдап шығып кетті.

СЕССИЯДАҒЫ ДАУ


Даудың басы «Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесі» құрамын бекітуден басталды. Қалыптастыру комиссиясының ұсынысымен үміткердің 11-і депутаттармен қолдау тауып, төртеуі қолдаусыз қалды. Қолдау таппағандар Нариман Мауленов (кәсіпкер), Уалихан Сексенбаев («Нәркес-Строй маркет» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры), Құрманбек Сагинбеков (Халықаралық Тараз инновациялық институты, Заң факультетінің «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасы, доцент), Аманжол Аманбаев (зейнеткер, ЖО әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы).

ҚАТЫСЫМ ЖОҚ


Ерболат Саурықов жақында ғана мемлекет басшысынан «Құрмет» орденнің алған, Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, Жамбыл облысы бойынша «Ауыл» партиясының төрағасы Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі құрамына енгізілген Халықаралық Тараз инновациялық институты, Заң факультетінің «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасы, доцент Құрманбек Сагинбеков пен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ұсынысымен түскен зейнеткер Аманжол Аманбаевқа қатысы жоқ екендігін мәлімдеді. Сонда өзі басқаратын партия мен оқу орын басшысы ретінде қолдау білдірмеді дегенге ешкім сенбеді.

«АҚЖОЛДЫҚТАР» ӨЗІНІҢ КӨШБАСШЫСЫН ҚОЛДАМАДЫ


Жамбыл облысы мәслихат сессиясында «Ақжол» партиясынан ұсынылған Муханбеталы Шалкарбеков Шолпан Рысалиева қолдауға қатысып, ал Б.Тлебаев пен Ш.Егембердиев өз орындарынан тұрып кетті.

БРИФИНГТЕ НЕ АЙТЫЛДЫ?


Бірінші брифингте мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбеков «әдепсіз» депутаттарды өзінің адамдарын өткізу үшін жасады деп отыр. Екінші тарап «циркті» ұйымдастырған Сапарбаев пен Сарыбеков, олардың әрекеттерін сотқа береміз деп пікірлерін білдірді.

Айта кетсек, ұсынылған 15 адамның үш үміткері – тікелей қоғамдық жұмысқа атсалысып жүргендер, ал қалғандары – жеке кәсіпкерлер.

Авторы: Исламбек Дастан




Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар