Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зеленскийді өлтіріп, Путинге ұлықтау рәсімінде сыйлық жасағысы келген күдікті құрықталды

10:31, 08 мамыр 2024 407

Украина қауіпсіздік қызметі мәлімдеме жасады. Онда Мемлекеттік күзет қызметінің екі полковнигі Украина президенті Владимир Зеленскийді өлтіруді жоспарлағанын, және жоспардың жүзеге аспағанын жазған. УҚҚ хабарына қарағанда, хабарлауынша, Владимир Зеленскийді, сондай-ақ Украина Қорғаныс министрлігінің барлау бас басқармасының басшысы Кирилл Буданов пен УҚҚ басшысы Иван Малюкті өлтіру жоспарланған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

"Әшкере" телеграм арнасының хабарлауынша, мемлекеттік күзет қызметінің екі полковнигі Украина президенті Владимир Зеленскийді өлтіруді жоспарлаған: 

"ФҚҚ агенттік желісінің міндеттерінің бірі – мемлекет басшысын кепілге алып, кейін оны өлтіре алатын президенттің күзетіне жақын әскери қызметшілер арасында орындаушыларды іздеу болған", - делінген УҚҚ хабарында.

УҚҚ басшысы Василий Малюк барлау қызметінің жұмысы туралы өте аз адамдар білгенін және оның барысын жеке өзі басқарғанын жазды.

"Инаугурацияға сый болуы керек теракт іс жүзінде Ресейдің барлау қызметінің сәтсіздігі болды. Бірақ біз ұмытпауымыз керек - жау күшті және тәжірибелі, оны бағаламауға болмайды. Әрбір сатқын лайықты сот үкімін алуы үшін біз одан әрі озық жұмыс істейміз", - деді Малюк.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар