Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Зеленскиден бұрын ар-ұяттарыңды іздеңдер". Ресей билігінің іздеуіне Украина жағы жауап қатты

11:08, 05 мамыр 2024 821

Ресей ІІМ Украина президенті Владимир Зеленский, Украина құрлық әскерлерінің қолбасшысы Александр Павлюк, Украина Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры Михаил Ковалға іздеу жариялады. Бұған қатысты Украина тарабы қалай жауап берді? Сауалға Alash.KZ ұлттық порталы жауап іздеп көрді.

ІІМ-нің іздеу базасында Зеленский мен Порошенко қылмыстық іс бойынша іздестіріліп жатқаны айтылған. Бірақ қандай баптар бойынша қылмыстық іс қозғалғандығы нақты аталмаған. 

Украина СІМ бұған қатысты тіл қатты. Олар Зеленскийді іздестіру жайлы хабарландыруға қатысты:

"Ресейдің мемлекеттік құрылымының үмітсіздігін және өзіне назар аударту үшін тағы қандай жаңалық ойлап табуға болатынын білмейтін қораш үгіт-насихаттың дәлелі" деп айтты.

Украина Президенті Кеңсесінің баспасөз хатшысы болса, бұл жаңалыққа қатысты түсінік беріп,Ресей ІІМ-ге "алдымен ар-ождан мен парасатты іздеуге"кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік,Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі Украина президенті Владимир Зеленскийді қылмыстық іс бойынша айыптап, іздеу жариялады. 

Бұдан екі күн бұрын Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Александр Литвиненкоға іздеу жарияланғаны туралы мәлімет пайда болғанын білесіздер. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар