Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зеленский Ресей үкіметі мен азаматтарының Украинадағы меншіктерін тәркілеу туралы заңға қол қойды

03:04, 11 наурыз 2022 304
[ad_1]



Украина президенті Владимир Зеленский Ресей билігі мен азаматтарының Украина аумағындағы меншіктерін күшпен тәркілеу туралы заңға қол қойды.


"Ресей Федерациясының Украина мен украин халқына қарсы агрессиясын" алға тартқан Киев меншіктері тәркіленген азаматтарға өтемақы төленбейтінін айтты.


Аталған құжатты Жоғарғы рада 3 наурызда мақұлдаған.


Заң Ресей үкіметі мен солардың меншігіндегі компаниялардың активтерін тәркілеуді ұсынады.


Мұндай активтердің тізімін үкімет құрастырады, кейін ол ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңес пен Украина қорғаныс министрлігіне беріледі. Активтерді тәркілеу президент жарлығымен жүзеге асырылады.


24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украинаны "денацификация және демилитаризациялау" мақсатында көрші елге "арнайы әскери операция" бастағанын хабарлаған.


Ресей әскері Украина аумағына басып кіргелі бері БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының мәліметі бойынша, елде 516 бейбіт тұрғын қаза болған, 908 адам жарақат алған.


Донецк облысындағы ең ірі қала Мариуполь бір аптадан бері қоршауда. 9 наурызда Ресей әскері қаладағы перзентхана орналасқан балалар ауруханасына әуеден күшті соққы берді. Украина билігінің айтуынша, атқылау кезінде 3 адам қаза болған, 17 адам жарақаттанған. Қалада бір аптадан бері жарық, жылу және тамақ жоқ.


27 ақпанда Украина БҰҰ Халықаралық сотына Ресей үстінен шағым түсірді. Киев Ресейді жауапқа тартуды, атап айтқанда Украинаға соғыс ашуын ақтап, "геноцид" ұғымын бұрмалағаны үшін соттауды сұраған.






[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар