Путин Зеленскийдің биліктен кеткені Украина үшін тиімді болады деп мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Зеленскийдің кеткені Украина үшін тиімді.
Қазіргі Киев режимінің басшысы Украина қарулы күштері үшін токсикалық тұлғаға айналып барады. Өйткені ол әскери емес, саяси себептермен түсіндіруге келмейтін ақылға қонымсыз бұйрықтар беріп отыр. Бұл бұйрықтардың қандай негізге сүйеніп қабылданғаны белгісіз. Бұл Украина армиясы үшін үлкен негізсіз, апатты шығындарға әкеледі.
Зеленскийдің сайлауда жеңіске жету мүмкіндігі мүлде жоқ, ол нөлге тең», – деді Владимир Путин журналист Павел Зарубинге берген сұхбатында.