Украина президенті Владимир Зеленский елдегі президент сайлауын өткізуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.
Зеленский америкалық подкастер Лекс Фридманға берген сұхбатында Украинада сайлау тек соғыс аяқталғаннан кейін немесе заңнама өзгерген жағдайда ғана мүмкін болатынын айтты.
— Украинада барлығы бұл (сайлау – ред.) соғыс аяқталмайынша өткізу мүмкін емес екенін түсінеді немесе заңнаманы өзгерту қажет. Менің ойымша, сайлау әскери жағдай аяқталғаннан кейін бірден өтеді. Заң бойынша солай. Немесе парламент мүшелері жиналып, заңнаманы өзгертуі керек, бірақ бұл өте қиын болады, себебі оған қоғам қарсы, — деді ол.