Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Зеленский соғыс, соғыс, тек соғысты ойлайды". Трамп Зеленскиді айыптап, Путинді қорғаштады

16:23, 01 наурыз 2025 1030

Трамп болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, Зеленский "соғысуды, соғысуды және тек соғысуды" жалғастырғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды  Alash.KZ ұлттық порталы. 

Америка президенті 28 ақпанда, кешке Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады.

"Ол соғысуды, соғысуды, соғысуды жалғастырғысы келеді. Ал біз өлімді тоқтатқымыз келеді", - деді ол.

Трамптың айтуынша, Владимир Путин де "соғысты аяқтағысы келеді". Оның пікірінше, Зеленский "Путин туралы жағымсыз сөздер айтпауы керек".

Бұған жауап ретінде Владимир Зеленский Fox News-ке берген сұхбатында қадап айтты. "Соғысты бізден артық ешкім аяқтағысы келмейді" деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар