Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зеленский Ресейдің дизель экспортына қатысты шешімін айыптап, ''cоғысқа инвестиция құйып жатыр" деп мәлімдеді

09:17, 10 қазан 2026

Ресей дизель отынын экспорттауға қойылған шектеулерді мерзімінен бұрын алып тастамақ, деп жазды  Alash.kz.

Ресей билігі дизель отынын экспорттауға қойылған шектеулерді жоспарланған мерзімнен бұрын алып тастауға кіріседі. Бұл туралы Ресей вице-премьері Александр Новак мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін АҚШ-пен болған әңгіме барысында Ресейдің америкалық және әлемдік нарықтарға мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуге дайын екенін растағанын айтқан.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің дизель отынын сатуға рұқсат алуын соғысты қаржыландыруға салынған инвестиция деп бағалады.

Украинаның соққыларынан кейін Ресейдің бірқатар мұнай өңдеу зауыты зақымданып, ел билігі дизель отынын экспорттауға шектеу енгізген еді. 30 қыркүйекте бұл тыйым тағы бір айға ұзартылған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар