Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зейнеп Баянова күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

22:00, 28 қазан 2026

Астана қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті, деп хабарлайды Alash.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше,   Қазақстан командасының спортшысы, жазғы Азия ойындары мен Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері Зейнеп Баянова кіші финалда Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Наталья Варакинамен кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде отандасымыз Беларусь өкілін айқын басымдықпен ұтып, 50 кг дейінгі салмақта үздік үштікті түйіндеді.

Еске сала кетейік, кеше Баянова жарысты 1/8 айналымнан бастап, Париж Олимпиадасыныңх қатысушысы, Өзбекстан өкілі Ақтеңге Кеунимжаеваны, сосын ширек финалда Моңғолия палуаны Отгонжаргал Долгоржавты ұтқан. Шиеленісті өткен жартылай финалда үнді қарсыласы Ниламға жол берді. 

Бұл әйелдер күресінен Қазақстан командасының қоржынына түскен алғашқы жүлде екенін айта кетейік.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар