Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Заңгер Айгүл Орынбек қамауға алынғаны рас па? - Өзі жауап берді

21:35, 29 қазан 2024 1146

Құқық қорғаушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚТК) мүшесі Айгүл Орынбек ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграмм арнасында жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қазір ол полицияда. Оның аты «Алаяқтық», «Сотқа дейінгі өндіріс мәліметтерін жария ету» және «Әділеттілікті жүзеге асыруға кедергі жасау» баптары бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында аталып отыр”,- деп жазды телеграмм арна. 

Ұлттық құрылтай мүшесінің ұсталғаны туралы ақпаратты полиция әлі растамады. 

Ulysmedia.kz тілшісі мән-жайды анықтамақ болып заңгерге қоңырау шалғанында әңгіме бірнеше секундқа ғана созылды. Сол аралықта заңгер ақпаратты терістеп, “бұл жалған, жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартам” деп айтып жатқанында әңгіме үзіліп кетті. Материал шыққанға дейін заңгер қайтара шалыған қоңырау мен мессенджердегі сауалымызға жауап бермеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар