Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Заңгер 13 жасынан бері зорлық-зомбылық көріп, орануға мәжбүр болған қыздың ниһабын шешкенін хабарлады

13:25, 21 қыркүйек 2024 663
Белгілі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек 13 жасынан бері зорлық-змбылық көрген Айша есімді қыздың қазіргі жағдайын баяндады, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы. 
 
Айгүл Орынбек Айшаның ниһабын шешкенін мәлімдеді:
Айша қыздың өміріне алаңдап жазып жатқандар көп.
Айша ниһабын шешті.
Әпке ретінде алғашқы ашық түсті көйлегі мен орамалын алып бердім.
Айша қазір орталыққа орналастырылды.
Жеке басына қауіп төнбес үшін, қандай орталық екенін ашық жазбаймын.
Ең бастысы, Айша мен елімізге танымал мықты мамандар өзімнің теолог ағайларым жұмыс істеп жатыр.
Орталықтың психологтарына алғыс білдіргім келеді.
Бір адамның өмірін, көзқарасын өзгертуге қаншама адам осылай бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз! - деп жазды ол.
 
 Естеріңізде болса, Айгүл Орынбек бұрындары  "Елімізде Айша сияқты мектепке бармай, қап қара киініп оранып алған қыздар өте көп"екенін айтып, дабыл қаққан:
 
Бұндай қыздарды кінәлап қажеті жоқ, бұларды осы дәрежеге жеткізгендерді кінәлау керек! Айша 13 жасынан зорлық-зомбылық көрген. Зомбылық жасаған еркек Айшаның тырдай жалаңаш сурет, видеоларын әлеуметтік желіге саламын деп бопсалаған.
 
Сарыағаш аудандық полициясы Айшаның арыз шағымын жаба салғанына қарағанда, бұл ағымдағылар шынында да күшті болып тұр - деп жазған еді Айгүл Орынбек. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар