Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев ресми түрде Лондонның «Челси» клубының сапына қосылды, деп хабарлайды Alash.kz.
12 тамызда қазақстандық футболшы кәмелет жасына толып, 18-ге келді. Осыған байланысты оның ағылшындық ұжыммен бұған дейін жасасқан келісімшарты заңды түрде күшіне енді.
Айта кетерлігі, Сәтбаев лондондық клуб сапындағы алғашқы ойынын өткізіп те үлгерген еді. Ол Австралияда өткен Sydney Super Cup-2026 турнирі аясында «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы кездесуде алаңға шығып, дебюттік голын соқты. Кейіннен қазақстандық шабуылшының бұл добы жарыстың «Үздік голы» номинациясын жеңіп алды.