Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Заңды белшесінен басқан әкім жазаланды

15:39, 29 ақпан 2024 474

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында жергілікті атқарушы органдар жіберетін заң бұзушылықтарды анықтады.

Мәселен, мемлекеттік сатып алуға қатысушыларда лицензияның болуына қарамастан, тапсырыс беруші олардың конкурстық өтінімдерін негізсіз кері қайтарған. Олар конкурсқа жіберілген жағдайда 100 млн теңгеден аса бюджет қаражатын үнемдеуге болатын еді.

Көрсетілген құқықбұзушылықтар үшін бұрынғы аудан әкіміне 9,2 млн теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар қала әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына 43,3 млн теңгеге 161 әкімшілік айыппұл салынды.

Басқа жағдайда, тапсырыс берушілердің бірі конкурс жариялау кезінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді біртекті түрлері мен оларды жеткізу орны бойынша бөлмеген. Осылайша, ірі кәсіпкерлерге артықшылық бере отырып, шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетті өнім берушілерін конкурсқа қатысудан шектеген.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша конкурстың күші жойылды және мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің тең шарттары сақталуына сәйкес қайта өткізілді.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап прокурорлардың актілері бойынша 10 млрд теңгеден астам сомаға конкурстар тоқтатылды.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар