Парламент мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу нормаларына өзгерістердің заңды түрде енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
АЙТТЫҚ, ӘЗІРЛЕДІК, ҚАБЫЛДАДЫҚ!
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының екінші оқылымында, педофилия мен ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу нормаларының авторы ретінде процедураға сәйес сөз сөйледім.
Өйткені кейбір халықаралық ұйымдар мен белсенділер бұл норманы заң жобасынан алып тастау керек, бұл нормалар "адам құқығын шектейді" деп мәлімдеме жасап жүр.
ЛГБТ-ны насихатауды заңмен тиым салу адам құқығын шектемейді, халқымыздың, оның ішінде балаларымыздың рухани-моральдық иммунитетін күшейтеді.
Осы мәселені айттық, норманы әзірледік, заңды қабылдадық!