Израиль-ХАМАС соғысында ұрланған 4 адам босатылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Олар Газаның орталық бөлігіндегі Нусейрат лагерінде Цахалдың қолдауымен Шабак пен ЯМАМ полиция арнайы күштерінің арнайы операциясы нәтижесінде босатылған. Бұл жайлы "Әшкере" телеграм арнасы хабарлады.
Израильдің төрт кепілі: 25 жастағы Ноа Аргмани, 21 жастағы Алмог Мейр, 40 жастағы Шломи Зив және 27 жастағы Андрей Козлов.
Бұл туралы Израиль баспасөзі хабарлады. Операция екі түрлі ғимаратта жүргізілген, бірінде лаңкестер Ноа Аргаманды, екіншісінде үш ер адамды босатқан. Босатылған төртеуі де Тель ха-Шомер ауруханасына жеткізілді, олардың жағдайы қанағаттанарлық екені айтылады.
Timesofisrael деректері бойынша, Израиль қорғаныс күштері төрт адам да 7 қазанда Supernova музыкалық фестиваліне қатысып, ХАМАС содырларының қолына түскен.