Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ыстамбұлдағы мешіттің ауласында сүйіскен ресейлік туристер қамауға алынбақ (ВИДЕО)

20:33, 06 қыркүйек 2025 339

Ыстамбұлда Чамлыжа мешітінің ауласында сүйіскен ресейлік туристер ұсталды. Олардың әрекетін 26 тамызда куәгерлер видеоға түсіріп, полицияға арызданған, деп хабарлайды Аlash.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Hürriyet басылымының хабарлауына қарағанда, туристердің әрекеті діни сенімдерді қорлау ретінде сараланады. 

 

"Жұп түсініктеме беріп, кешірім сұрауға тырысқан. Олар жергілікті қасиетті орында өзін қалай ұстау керегін білмегенін айтқан. Алайда бұл жеткіліксіз болды. Оларға бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр", – деп жазады түрік басылымы.

Түркиядағы Ресей елшілігінің мәліметінше, туристерден жауап алынған соң олар босатылған. Бірақ істі сот қарайтын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар