Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Хиджабты тек арабтар ғана емес, барлық әлем әйелі киеді - ЖОРАБАЕВА

09:53, 11 маусым 2024 1188

Танымал блогер Аяулым Жорабаева әлеуметтік желіде көптің көкейінде резонанс тудырған хиджаб тақырыбын қозғады. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы хабарлайды. 

Ол өз инстаграм парақшасында жариялаған жазбасында, хиджабқа қалай келгендігі туралы баяндады. 

«Алланың қалауымен хиджаб кигеніме 9 жыл болыпты. Толық дайын болып келдім деп ойлаймын. Өйткені тұрмысқа шыққанда күйеуіме «болашақта орамал тағамын» деп айттым. Орану ойыншық емес, әрі оны өзге жанға тықпалау дұрыс емес. Мен қанша жыл орамалда болсам да, өзгелерге «киіңдер, бүйтіңдер» деп айтқан емеспін. Өйткені мен бәлен жыл діни білім алған ұстаз емеспін. Орамалды әр әйел өз қалауымен, Алла разылығы үшін тағу керек. Өзгенің разылығы үшін тақсаң, бір күні ол тәжіңнен айырылып қалуың мүмкін. Ешкімді сынауға құқым жоқ, алда өзімді не күтіп тұрғаны бір Аллаға белгілі. Хиджаб –хи (ки), джаб (жап), ғни жабыну, орану деген сөз. Хиджабты тек арабтар ғана емес, барлық әлем мұсылман әйелдері киеді. Арабтану деген сөз сондықтан қате. Мен «киіңдер» деп жатқан жоқпын. Бұл тема қайдан шықты?.. Оранып, сосын оны шешкен соң қайта әурет жерлерін түк болмағандай көрете салу... соларды көріп жүрегің ауырады екен. Олай ешкімді сынамасын, өте қорқынышты. Орамалды көтеріп жүру оңай емес, өйткені жауапкершілігі көп. Орамалдылар да пенде, оларда да эмоция бар, олар да қателеседі. Періште көкте ғана, жерде періште жоқ».

«Күйеуім жұма намазынан келіп, «Жаным, орамалыңды таға берші, бүгін бір ауыр уағыз тыңдадым» деді. «Әйел адам намаз оқып жүріп, орану керегін біле тұра оранбаса, онда жәннаттың өзі түгілі, иісін де аңсамасын» депті. Осы сөз жүрегіме инедей қадалды. Сол мезетте орамалымды тағып шықтым», - деді Аяулым Жорабаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар