Тележүргізуші Дана Нұржігіт естерліктерді есіне түсіріп, жан сырын желідегі парақшасында ақтарды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
«Аналардың дұғасы. Менің ана болудағы жолым ұзақ болды. Бәрі оңай болған жоқ, ал ана болу — тіптен эпопея болды. Құлап, қайта тұру, тәуекелге бел буу, сену — менің ана болудағы қиындыққа толы жолым шығар.
Қазір, артыма қараймын да, өзіме өзім, жалғыз ұлымның әкесі — Владимирге таң қаламын! Мен — анамын! Мен өмірді басқаша көре бастадым, бағалап, Алланың бергенін құрметтеп, бұл әлемде басқаша көре бастадым.
Әлемге менің ұлымның көзімен қарай бастадым. Ана болу — ол үлкен құдырет. Жүрегіңнің тұсында жаңа өмірді ұстап жүру, оны ақ сүтіңмен емізу, түн ұйқысын төрт бөліп, бәрінің жақсы болатынына кәміл сену!», — деп ағынан жарылды тележүргізуші.