«Қазақмыс» корпорациясы жаңа акционерге өту процесінің басталғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Alash.kz.
Бұл туралы компания президенті Владимир Ким мен Бас директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың бірлескен шешімі негізінде қол қойылған келісімнен кейін белгілі болды.
Компанияның мәліметінше, акционердің ауысуы өндірістік және операциялық процестерге ешқандай әсер етпейді. Барлық келісімшарттық міндеттемелер, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері және жұмыс орындарының тұрақтылығы толық сақталады.
Құжатқа қол қою — бақылауды беру процесінің ресми бастамасы, ал алдағы өзгерістер корпорацияның тұрақтылығына кедергі келтірмейтін болады, – деп хабарлайды «Қазақмыс».