Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үздік нәтиже! Министрдің өзі күтіп алды: IOI 2026 олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды

13:57, 17 тамыз 2026

Ташкентте өткен информатикадан халықаралық олимпиадада (IOI 2026) жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар елордаға оралды, деп жазады Alash.kz.

Астана әуежайында жас чемпиондар мен олардың жетекшілерін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, ата-аналары, ұстаздары мен достары қарсы алды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлдегер атанды. Олар 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды. Бұл - еліміздің осы халықаралық олимпиадаға қатысу тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі.

Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, әлемдік жеке есепте 5-орын иеленді. Мансур Мамадахунов, Асқар Әкежан және Алдияр Сейтбай күміс жүлдегер атанды.

Ұлттық құрамаға Темірлан Сатылханов пен Айбек Қуанышбай жетекшілік етті.

«Жас чемпиондарымызды, олардың жетекшілерін, ұстаздары мен ата-аналарын жоғары халықаралық жетістікпен құттықтаймыз!»,- делінген министрлік құттықтауында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар