Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астаналықтар 23 тамызда қоғамдық көлікте тегін жүре алады

12:13, 17 тамыз 2026

23 тамызда, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтетін күні, Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру тегін болады, деп жазады Alash.kz.

CTS хабарлауынша, тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:

- Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
- қалалық бағдарларда;
- экспресс-бағдарларда;
- қала маңы бағдарларында.

«Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз»,- делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар