Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үйленуге қорқамын: 12 жасында ағасынан зорлық көрген ер адам өз оқиғасын айтты

17:53, 24 шілде 2024 1562

Белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасына өзіне келген хаттың бірін жариялады, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Bugin.kz сайтына сілтеп.

Хатта ер адам 12 жасында зорланғанын жазған. 

"Ер баламын, жасым 28-де. 2008 жылдары басқа елден көшіп келдік, туыстардың айтуымен, ауылды жерде тұрдық. Әкем ішімдікке салынып кетті. Сол жерде әкемнің інісі көрші тұратын, екеуі күн сайын ішімдіктен бас көтермейтін. Інісі мені әкемнен сұрап алды, "қасыма серік болады, үйге қонсын" деп. Үйде маған тиісе бастады", - деп жазған автор. 

 

 

Хат иесі үйленуге бата алмайтынын, бойын қорқыныш билегенін жазған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар