Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұстамайсың, көрмейсің»: Танымал актриса бұрынғы күйеуінің жасаған қорлығын әшкереледі (ВИДЕО)

17:38, 09 қазан 2026

Танымал әнші, актриса әрі «Таңғы студио» бағдарламасының жүргізушісі Перизат Алпыс «Әңгіме бар» подкастында бұрынғы күйеуінің өзінің бірінші некеден туған ұлы Нұрисламға қаншалықты таршылық көрсеткенін айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Alash.kz.

Актрисаның айтуынша, екінші күйеуі тұңғыш ұлын үйге келген сайын аяқтан шалып, сыртқа итеріп, соқтығыса берген. Кейіннен ол тіпті баласын көлікке қамап кететін әдет шығарғанын білген. Осы қысымдардың кесірінен кішкентай Нұрислам уақыт өткен сайын анасы мен өгей әкесінің үйіне мүлдем келгісі келмейтін деңгейге жеткен.

Перизат Алпыс бұрынғы күйеуінің ұлына тіпті жаңадан туған қарындасын да көрсеткісі келмегенін еске алып:

«Екінші рет қызымды босанайын деп жатқан кезде: «Перзентханаға балам мен анам келсін, бәрің келіңдер», — дедім. Сол кезде ол: «Жоқ, балаң келмейді, балаңды алып келмейміз. Ол келмей-ақ қойсын, ne істейді ол ол жерде?!» — деді. Мен: «Енді қарындасы ғой, перзентханадан шыққанда бәрі келсін де», — дедім. Бірақ ол бәрібір келтірмеді. Әйтеуір бала жоқ болуы керек, оның көзіне көрінбеуі керек. Сосын анама: «Анашым, келіңіздер», — дедім. Оны тыңдамай, баланы алдыртып аламын. Сол кезде ол жынданып, балаға жүйкесі тозып қарап тұрды. Кейін үйге келгеннен кейін, қарындасы ғой енді, балам қызықтап: «Көрейікші», — деп құшақтағысы келсе, ол жаққа да жолатпайды. «Ұстамайсың, кірмейсің, көрмейсің», — дейді. Балам оның көзіне жақсы түскісі келеді. «Мені жақсы көрсейші, менің осындай жақсы бала екенімді көрсейші», — дегендей болады. Өз баласына «ананы алып кел» деген кезде, менің балам бірінші болып жүгіріп әкелгісі келіп, көзіне түскісі келіп тұрады. Бірақ ол: «Мен saған әкел деген жоқпын!» — деп, өз баласының әкелгенін алады», — деп өкпесін білдірді.

Сондай-ақ өнер иесі баланың өгей әкесінің көңілін табуға тырысып, оны «папа» деп атаған кезін де қынжылыспен баяндады.

Актриса бұрынғы күйеуінің балаға көрсеткен психологиялық соққысы туралы:

«Бір күні машинада кетіп бара жатқанда, балам оны «папа» деді. Енді біз үйреттік қой: «Папа деп айт, ол сеңің папаң болады», — деп. Біз де, үлкендер де кейде топастық жасап жатамыз ғой. Негізі қажеті жоқ еді оны қинап «папа» дегізудің. Бірақ балам қиналып айтқан жоқ, керісінше: «Жағынайыншы, осы кісі менің папаң болсыншы», — деген ниетпен «папа» десе: «Ей, мені папа деп айтпа! Сенің папаң басқа, мен сенің папаң емеспін», — деп айтыпты. Сол кезде балам маған жылап келді: «Мен папа деп айтып едім, сіздер маған папа деп айт деп едіңіздер ғой, ол маған осылай деді», — деп жылады. Сосын балама әрдайым: «Сен бүгін кет, Ұзынағашқа кет бүгін», — деп айтады екен. Әйтеуір үйге келген сайын баланы жылатады. Бірде тамақты дұрыс ішпейсің деп айтады, енді бірде ана жерді дұрыс ұстамадың дейді, то ұйықтамадың деп құлағын бұрап кетеді. Шымшып кете ме, білмеймін, әйтеуір балам үйге келген сайын психологиялық соққы алып қайтады», — деп ағынан жарылды.

Осылайша, өнер иесі балалардың өгей әкесін «папа» деп айтуға міндетті емес екенін және баланы мәжбүрлеудің соңы психологиялық жарақатқа әкелетінін баса айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар