Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үшінші рет қыз туғаны үшін күйеуі әйелін өртеп жіберді

15:16, 13 қаңтар 2025 2017

Үндістанда ер адам әйелі үшінші рет қыз босағаны үшін оны өртеп жіберді, деп хабарлайды Alash.kz madeniportal.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы жағдай Махараштраның Парбхани ауданында болған. Ер адам әйелінің денесіне бензин құйып өртеген. Жаңа босанған әйелдің денесі толықтай күйіп кетті. Ол оқиға орнында жан тапсырды.

Марқұмның әпкесі полицияға берген мәлімдемеге сәйкес, айыпталушы әйеліне үш қыз туғаны үшін қайта-қайта бопсалап, ашу үстінде өрт қойған.

"Ер адам оған бензин құйып өртеп жіберді. Әйел үйден айқайлап жүгірді, көшедегі адамдар отты сөндіруге тырысты. Бірақ іс-әрекеттер нәтиже бермеді", - деді құқық қорғау органдарының өкілі.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар