Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұшақта домбыра алып жүруге бола ма? Балаева пікір білдірді.

14:48, 17 тамыз 2024 634

Осы уақытқа дейін әлеуметтік желіде өнер адамдары домбыраны өздерімен бірге ұшақтарда алып жүре алмайтындарып айтып, талай рет мәселе көтерген болатын.
Өнер адамдарының осы жанайқайына ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді деп хабарлайды Alash.kz.

 
Әлеуметтік желілерде бірқатар музыканттар әуе рейсіне жүк ретінде ұлттық музыкалық аспабымыз - домбыраның қабылданбағанына реніш білдіріп жатады.
Әрине, домбыра әр шаңырақтың төрінде тұратын киелі аспабымыз, ұлтымыздың қастерлі мұрасы. Сол себепті, әртістеріміздің реніші түсінікті.
Осыған орай, біз жағдайды жан-жақты қарастырдық. ҚР Көлік министрлігінің мамандары анықтағандай, жүк бөліміне көлемі ауқымды емес затты қабылдаудан бас тарту - әуе тасымалдаушысы шығарған ереже емес, тасымалданатын жүктің өлшемдері белгіленген халықаралық стандартты қағида. Әуе кемелерінің барлығының бірдей жүк бөлімінде ауқымды затты салуға мүмкіндік бола бермейді.
Сондықтан жолаушылар әуе компаниясын тасымалданатын жүк туралы алдын ала хабардар етіп, одан соң тасымалдаушыға жауапкершілікті артпай, жүкті тасымалдау ережелерін нақтылауға тиіс.
Өкінішке қарай, азаматтар авиакомпаниялар ұсынған шарттармен және ережелермен үнемі таныса бермейді, сондықтан осындай жағымсыз жағдайлар туындайды.
Әріптестер, сіздерді өзара сыйластық сақтап, осындай жағдайларды болдырмауға тырысуды, тиісті ережені сақтауға шақырамын.
Бұл шаралар жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау үшін қабылданған.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар