Түркістандықтар анасы мен қызын айуандықпен өлтірген ер адамның отбасынан көшуді талап етті, деп жазады Alash.KZ.
Келес ауданында “Ауылдан көшіңдер” деген талаппен 30 жастағы ер адамның үйінің алдына марқұмның жақындары, ауыл тұрғындары мен ақсақалдар жиналды. Күдіктінің отбасы үш апта ішінде ауылдан көшіп кетуге уәде берді.
Сондай-ақ азаппен ажал құшқан Зарипа Нарымбетова мен Нұрила Тоғанбайдың жақындары полицейден қысым көргенін айтты. Марқұмның қос қызын аудандық полиция бастығы шақырып, ақпарат жариялағаны үшін не айыппұл салам, не қамауға жабам деп қорқытыпты.
“Бүкіл сөздеріңіздің бәрін өшіріңіздер. Өшірмесеңіздер сіздерге 600 мың теңге айыппұл саламын. Болмаса 15 тәулікке қамауға да құқығым бар деп қысым көрсеткен”, - дейді марқұмның туысы.
Бұған дейін, 12 қыркүйекте бір үйден оқушы мен анасының денесі табылған еді. Екеуін өлтірді деген күдікпен ауылдың бұрынғы дене шынықтыру мұғалімі ұсталған.