Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үш адам қаза тапты». Қайғылы жағдай: Астана-Петропавл тас жолында жантүршігерлік апат болды

15:11, 14 шілде 2026

Астана – Петропавл тасжолында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға Жаңаталап ауылына таяу тұста болған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан өртке оранған көлікті анық көруге болады. Қайғылы жағдай туралы ақпаратты Ақмола облыстық полиция департаменті мен аймақтық денсаулық сақтау басқармасы растап отыр.

Қазіргі уақытта апат болған жерде құқық қорғау органдары мен шұғыл қызмет мамандары жұмыс істеуде.

«Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қаза тапқандар бар, олардың кім екені нақтыланып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылданады», — деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасының нақтыланған мәліметі бойынша, апат салдарынан үш адам мерт болған, олардың біреуі — бала. Сондай-ақ денесін күйік шалған тағы бір зардап шегуші шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар