Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұрысты болдырмау әйелдің қолында»: Депутат Наталья Дементьева пікір білдірді

11:49, 13 ақпан 2024 346
Депутат Наталья Дементьева әріптесі Анас Баққожаевтың «Жанжалдың бәрі әйелдің тілі ұзын болғаннан шығады» деген мәлімдемесіне пікір білдірді. 
Еркектерді қорғамаймын, бірақ ұрысты болдырмау әйелдің қолында. Егер әркімнің отбасы туралы айтатын болсақ, мінсіз отбасы жоқ. Егер отбасым туралы айтар болсам, тұрмыс құрғанмын, менде де қиындықтар мен түсініспеушіліктер болады. Біз мәселені шешуге тырысамыз. Біз ұрыспаймыз деп айта алмаймын, маған ұрыспайтын бір отбасын көрсетіңізші. Қол көтеруге келетін болсақ, мен оған үзілді-кесілді қарсымын. Егер бір рет қол көтерсе, отбасын сақтауға кеңес бермеймін. Жанжалға келетін болсақ, талқылай алмаймын. Біз камерадан не болғанын және қалай болғанын көрмедік. Бірақ мен қол көтеруге қарсымын. Отбасындағы жанжалдарды жеке шешу қажет. Әріптестерімнің радикалды сипаттағы мәлімдемелерін қолдамаймын", - деді депутат.

Еске сала кетейік Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев «Жанжал неден басталады? Әрине, әйелдің тілі ұзын болғаннан» деген пікір білдірген болатын.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар