Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұрып, құлатып, әр-жерімді сипалап тиісетін: Мүгедек әйел күтушісінің сұмдық ісін әшкереледі

10:54, 19 қараша 2024 1386

Алматылық 54 жастағы мүгедек әйел күтушісі өзіне тиіскенін айтып, арыз тастады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы  KTK арнасына сілтеме жасап. 

Гүлжан Әбдрайымова – бірінші топтағы мүгедек. Жүре алмағандықтан интернет арқылы күтуші жалдамақ болып, агенттік іздейді. Алайда тапқан адам әйелдің жағдайын жасаудың орнына керісінше, күн көрсетпеген. Күтуші ер адам әйелге қол жүгіртіп, тіпті құлатып, денсаулығына зақым келтірген. 

“Қайта-қайта құшақтап, бетімнен сүйіп, ернімнен сүйгісі келіп, басымды тартсам да, ұстап алып басымды сүйіп, әр жерімнен сипалады. Маған түнде "адам деген шешініп жату керек, тыр жалаңаш жату керек" деп, қанша рет айтты. Өзі үйде тек іш киіммен жүрді”, – дейді Гүлжан Әбдрайымова.

Күтуші қызметі үшін күніне 12 мың теңге ақша алып отрыған. Әйелдің айтуынша, басында ол ерсі қылықтарын байқатпаған. Алайда жақындары жоғын біліп, тиісіп, басынуды шығарған. Алғашында отыра алатын әйел күтушісі құлатып алған соң беліне зақым келіп, сүйегі сынып қазір төсекке таңылған. 

“Күннен-күнге жағдайым нашарлап барады. Негізгі ауруым — жүре алмаймын. Енді бұлшық еттерім күннен-күнге әлсіз болып барады. Өліп бара жатқандай боламын. Күшім жоқ”, – дейді ашынған әйел.

Ал күтушіні тауып берген агенттік өкілі ер адамды танымайтынын айтады. 

“Гүлжан маған қыркүйекте хабарласты. Ол бірінші топтағы мүгедек болған соң, бір орындықтан екінші жерге отырғызу үшін көтеру керек. Ал менің компаниямдағы күтушілердің бәрі — әйел. Олардың әлі келмейді. Бірақ Гүлжан тауып беруін сұрады. Осылайша мен интернет арқылы Артур есімді азаматты тауып, өзіне ұсындым. Адами тұрғыдан көмектескенім рас. Бірақ бұл ер адам менің қызметкерім емес. Мен оны танымаймын. Арада ешқандай келісімшарт жоқ”, – дейді Сарыжол" агенттігінің директоры Татьяна Васильева.

Жәбірленушінің арызынан кейін полиция тергеу жұмыстарын бастаған.

“Аталмыш дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасымен тергеу жүргізілуде. Кінәлі адамның іс-әрекетіне құқықтық тұрғыда баға беріліп, шара қолданылады”, – дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар