Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұрған жоқпын, жәй қолым тиіп кетті: Меломан тобының әншісі мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

10:59, 18 маусым 2024 546

«Меломен» тобының әншісі әйелінің жариялаған видеосы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Qaztaspanews инстаграм парақшасына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, «Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының әйелі Нұрила Ақберген күйеуі 5 жыл ұрып-соғып, екі жыл бұрын ажырасып кеткенін мәлімдеген еді. Әйел жақында «соққы алғаннан» кейінгі видео жариялады. 

Отбасының сыры жария болғаннан кейін Ғабит Бибасыұлы үнсіз қалмауды шешіп, видео туралы пікірін білдірді. Ол аталмыш видео түсірілген күні не болғанын Instagram-дағы ресми парақшасында айтты. Өнер иесі енді алдағы уақытта сұқбат беруге дайын екенін жеткізді. 

«Тарап жатқан видеоға қатысты айтайын. Мен үш бала тәрбиелеп отырған адаммын. Бұрынғы әйеліммен екі жыл бұрын ажырасып кеткенбіз. Бұрынғы келіншегім видео салыпты. Сол жайында айта кетейін. Ешқандай қоспасыз, бояусыз, жігітше бар шындықты айтамын. Мен өзім зорлық-зомбылыққа қарсымын. Оған бүкіл әлем қарсы. Мені тиран деп айыптап жатыр екен. Негізі мен өзімді ажырастым деп айтуға ұялып жүрген адаммын. Сол видео түсірілген күн туралы айтайын. Бұрынғы келіншегім қасымда болды. Мен көлік жүргізіп келе жатырмын. Көлікте екеуміз ғана болдық. Арамызда келіспеушілік болып, ол айқайға салды. Мен барынша бұл жанжалды тоқтатуға тырыстым. Мен оны ұрған жоқпын. Қолыммен «қойшы болды» дегенде қолым мұрнына тиіп кетті. Жұдырықпен емес. Мен оны әдейі істеген жоқпын. Ер адам болған соң, ашуға бой алдырдым. Күндізгі уақыт еді. Мен мешітке кіріп кеткен кезде ол видео түсіріп алыпты. Сол бейнежазбаны соншама уақыт бойы не үшін сақтағанын түсінбедім. Ол үш жарым жыл бұрынғы оқиға еді. Сол кезде балдызымнан ұят болды. Одан кешірім сұрадым. Келіншегім екеуміз де бірнеше күннен соң татуласып, жақсы өмірімізді сүріп жатқан едік. Сен арың таза, маған адал келіншек болдың. Бірақ мына ісің ұят болды», - деді әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар