Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Кәрім Мәсімов ісі" бойынша тергеу аяқталған

10:50, 25 тамыз 2022 375
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Өсіповке қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары аяқталды. ҰҚК-ның баспасөз қызметі 25 тамызда осылай деп мәлімдеді. Комитет сонымен бірге лауазымды тұлғалар Д.Акипов және Н.Бекмұраттың ісі бойынша да тергеу аяқталғанын жеткізді.



  • Мәсімов пен Садықұловтың әрекеттері "мемлекетке опасыздық жасау" ( 175-бап), "билікті күшпен басып алу" (179-бап), "билікті асыра пайдалану" (362-бап);

  • Ерғожиннің әрекеті – "билікті күшпен басып алу", "билікті асыра пайдалану";

  • Өсіпов, Акипов пен Бекмұраттың әрекеті "билікті асыра пайдалану" баптары бойынша сараланған.


"Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр" деп жазылған ҰҚК-ның бейсенбі күнгі хабарламасында.

Мәсімовтің қамау мерзімі 6 қазанға дейін, Ерғожиннің қамау мерзімі 13 қазан, Өсіповтің қамау мерзімі 22 қазанға дейін ұзартылған.

ҰҚК бұған дейін Мәсімов ісі бойынша бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің тергелгенін айтқан. Бірақ оның мәртебесі белгісіз қалған.

  • Көп жыл бойы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі болған Кәрім Мәсімов 5 қаңтарда қамалған. Ол сол күні Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан. Осы отырыста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес төрағалығын өз мойына алғанын және Қазақстанға "халықаралық террористік топ" шабуыл жасағанын мәлімдеген. 8 қаңтарда ҰҚК "мемлекетке опасыздық жасады" деген күдікпен Кәрім Мәсімовтің қамауға алынғанын, 13 қаңтарда "билікті күшпен басып алу" бабы бойынша да іс қозғалғанын хабарлаған.

  • Наурыз айында ҰҚК "мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және аса ірі көлемде пара алу" баптары бойынша 15 қылмыстық іс қозғалғанын жариялаған еді. Оның ішінде Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары (22 ақпанда тағы бір орынбасары Марат Өсіпов қамалған) аталған.

  • Бас прокуратура мұнан өзге ҰҚК-нің үш департаментінің басшысы пен полицияның екі департаменті басшысының ұсталғанын мәлімдеген. Оларға "қаңтардағы дүрбелең кезінде ведомство ғимараттарын тастап кетті" деген айып тағылған.

  • Мамыр айының соңында, Қаңтар оқиғасынан 5 айдан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойған.




 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар