ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев әлеуметтік желіде Ақжарқын Тұрлыбай туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың мәлімдеуінше, Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай әлі елге жеткізілген жоқ.
Министрліктің айтуынша, оның Қазақстанға қайтарылуы үшін қажетті жұмыстар жүргізілуде.
Қарамағымда болмағандықтан қандай шаралар қолданылып жатқанын нақты айта алмаймын. Жазбаша сауал жіберсеңіздер. Ақпарат беретін боламыз. Әрине, ол Қазақстан Республикасының азаматы болғаннан кейін ол мәселелерді ұдайы бақылауда ұстап тұрамыз. Үмітіміз бар. Бірақ, қаншалықты жүзеге асатынын уақыт көрсетер.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақжарқын Тұрлыбайдың елге жеткізілгені туралы ақпарат кеңінен тараған болатын.