Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ұлының үйін әскерилерге салдырған": ТЖМ вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қанша жылға сотталды?

18:30, 25 қыркүйек 2024 1138

Ұлының үйін әскерилерге салдырып, қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы ТЖМ вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың Астанада апелляциялық соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ Orda.kz сайтына сілтеп.

Экс-шенеунікке Қарағандыда жеке үй салу үшін әскери бөлімшедегі сарбаздарды жұмылдырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шыққан болатын. Журналистер сот материалдарын зерттеп, 52859 әскери бөлімшесінің жеке құрамы мен Қарағанды облысы ТЖД-ның өзге қызметкерлері Күлшімбаевтың  құрылысшысына айналғанын анықтады.

Тергеуге негіз болған үйдің құрылысы 2021 жылы басталған. Үй сотталған шенеуніктің ұлы Ербол Күлшімбаевқа тиесілі, ал құрылысты оның бауыры Тимур басқарыпты.

Ал құрылысқа көмектескен әкесі Ибрагим Күлшімбаев ұлдарына қаржыны үнемдеу мақсатында вице-министр лауазымындағы мүмкіндіктерін барынша пайдаланған екен.

Ибрагим Күлшімбаев әскерилерді тегін жұмыс күші ретінде жұмсап қана қоймай, әртүрлі құрылысқа керекті техикаларды сатып алуға да қол астындағылардан ақша жинаған екен. Тіпті кейбір әскери қызметкерлер не үй, не жұмыс көрмей, құрылыс басында түнепті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар