Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлттық қордағы қаражат 100 млрд долларға артады

07:22, 12 желтоқсан 2022 325
Үкіметтің жаңа бюджет-салық саясаты Ұлттық қор активтерін 100 миллиард долларға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы президенттің қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.


Үкімет қабылдаған шаралар алдағы жылдары Ұлттық қорға қаражат түсімдерінің көлемін ұлғайтуға және бюджет шығыстарының өсу қарқынын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Смайыловтың айтуынша, президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру басталды. Оның шеңберінде 2030 жылға дейін мемлекет қаржысын басқарудың жаңа тұжырымдамасы қағидаттарын енгізу жүзеге асырылып жатыр.

2023 жылы Ұлттық қордан алынатын трансферттерді 1,4 триллион теңгеге қысқартуға және бюджеттен шығатын қаржының өсу қарқынын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін контрциклдік бюджеттік қағидалар бекітілді.
 

Бюджеттің теңгерімділігі өзінің кіріс базасын ұлғайту және шығыстарды неғұрлым басым бағыттарға шоғырландыру есебінен қамтамасыз етіледі, - деп атап өтті премьер-министр.

 

Бюджет процесі мен салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге, осы бағыттарға жаңа цифрлық шешімдерді енгізуге мүмкіндік беретін жаңа Бюджет және Салық кодексін әзірлеу басталды.

«Жалпы алғанда, бюджет-салық саясаты 2030 жылға қарай мұнайға қатысты емес тапшылықты 5%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ Ұлттық қор активтерін 100 миллиард долларға дейін өсіруге бағытталады», - деді Әлихан Смайылов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар