Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші орынбасары тағайындалды

06:20, 13 ақпан 2024 349
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздің комитеті Төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, делінген Ақорда ақпаратында.

Жанат Элиманов 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулылары және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының м. а. қызметінен бастаған.

2000 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды облысының және Астана қаласының (қазіргі Нұр-Сұлтан қ.) прокуратура органдарында жұмыс істеген.

2007 жылдан 2017 жыл аралығында әділет және қаржы министрліктерінің, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің құрылымдарында түрлі қызметтерді атқарды.

2017 жылдан 2019 жыл аралығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінде басшылық лауазымдар атқарды.

2019 жылдың ақпан айынан сәуір айы аралығында Қарағанды облысы прокурорының орынбасары болды.

2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретіне ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету, Үкіметтік байланыс қызметіне және «А» арнаулы мақсаттағы қызметіне басшылықты, оның құзыретіне жататын қызмет салаларында ведомствоаралық үйлестіру жатады.

Сондай-ақ аталған ұйым мемлекеттік құпияларды қорғау туралы саясатты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган.

Фото: primeminister.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар