Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлттық құрылтай: Заңгер зорлықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салуды ұсынды

15:42, 15 наурыз 2024 465

Ұлттық құрылтайда заңгер Айман Омарова зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларды көрсетпеуді ұсынды.

«Балаларға қатысты зорлық-зомбылық сипатталатын резонансты істе БАҚ өкілдері бізден бұрын қимылдайтыны белгілі. Ал бұл ақпарат көп жағдайда жәбірленушілердің психологиялық күйзелуіне алып келеді. Тіпті, кейбірі ар-намысты алға тартып, өз-өзіне қол жұмсауға барады. Осыған байланысты зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салып, өрескел дүниені көрсетпеуді сұраймын», - деді заңгер.

Оның пайымдауынша, жағымсыз ақпараттақ гөрі, халыққа пайдалы контент ұсынған дұрыс.

«Керісінше, халыққа пайдалы заңдарды насихаттауымыз керек, көрермендердің құқықтық сауатын арттыруымыз қажет», - деді А.Омарова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар