Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлт көсемі: Қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде, қашан қызмет етіп, пайдамызды тигіземіз?

22:52, 22 мамыр 2024 538

Майданда науқастанған жігіттерді Земски союздың майдандағы ауруханаларына жібереді. Онда докторлар, фелдшерлер қазақша,ауырған жігіттер орысша білмейді. Дружинадағы жігіттердің өз арасынан қойылған тілмәштар жөнді тіл білмеген соң, аурудың жайын жеткізіп айта алмайды. Бұл жайды жеткізген соң, Земски союз бізге: "тез өздерің докторларыңды, фелдшерлеріңді тауып беріңдер, біз оларды өздеріңнің қазақтарына қоялық",- дейді.

Беретін айлық ақшасы: докторларға жалование айға 300-350 сом, киімге 400 сом (бір рет беріледі), расходына 90 сом, пәтер союздан, жол жүрісі ақшасыз.

Фелдшерлерге жалование 190 сом, киімдік 200 сом, басқа жағы докторлардікі сияқты.

Жоғарғы қызметтерге баруға тілеген азаматтар Ғали ханға телеграм берсін: Минскь, Земгорсоюзь, фронть, Букейханову.

Біздің өтініш қазақ докторлар, фелдшерлер осыған келуі. Біз доктор, фелдшерлерді шақырғалы, газетке жазғалы бірталай уақыт болды, бұл күнге шейін келген, яки келемін деген бір кісі болмай тұр.

Қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде, қашан қызмет етіп, пайдамызды тигіземіз?

Кісі тез керек. Талапкер переводшиктер жоғарғы адреске һәм "Қазақ" басқармасына телеграмм берсін.

Әлихан БӨКЕЙХАН

"Қазақ" газеті, №221, 09.03.1917 жыл. Минскі

Дереккөз: Бөкейхан Ә. Шығармалары. IX том.- Астана, 2018

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар