Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлт көсемі: Қайда жүрсем де бар күшімді отанның бағы һәм еркі жолына сарп етпекпін

22:28, 09 мамыр 2024 470

ОРЫНБОР ГОРОДСКОЙ ДУМАСЫНЫҢ ГРАЖДАНИН ПРЕДСЕДАТЕЛІ

Өтініш

Қазақ-қырғыз жалпы сиезі қазақ-қырғыз ұлтының Кіндік комитетіне председател сайлан, Орынбордан кетпек болғаным себепті Орынбор городской думасының гласнилығын тастауға тура келді.

Жолдастарыма жұрт һәм отан игілігіне еткен жұмыстарына өнім, береке берсін деп тілеймін. Қайда жүрсем де бар күшімді отанның бағы һәм еркі жолына сарп етпекпін.

Орынбор городской думаның гласниі Ғалихан.

"Қазақ" газеті, №59 (260), 1918 жыл. Орынбор қаласы.

Дереккөз: Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937).

Шығармаларының 9 томдық толық жинағы.7 том.– Астана, 2013.

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар